Бас жаңалықтар
Элизабет Тұрсынбаева Красноярсктегі Универсиадаға қатысады
11 Ақпан 2019, 15:13 888

Элизабет Тұрсынбаева Красноярсктегі Универсиадаға қатысады

Астана, BAQ.KZ. АҚШ-тағы "Төрт құрлық чемпионатын" күміс жүлдемен аяқтаған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева алдағы уақытта Красноярскте өтетін Дүниежүзілік студенттік ойындарға қатысады. Отандық жанкүйерлер Лизаның жетістігіне қуанып, оған алдағы бәсекелерде сәттілік тілеуде. 

Ресейлік маман Этери Тутберидзенің тобында жаттығатын Элизабет Тұрсынбаеваның жаттықтырушысы Сергей Дудаков Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, спортшының алдағы жоспарлары туралы айтты. 

"Төрт құрлық чемпионатынан" кейін Тұрсынбаева қысқы Универсиада ойындарына қатысады. Біз сол бәсекеде төрттік сальховты орындауды жоспарлап отырмыз. Қысқы студенттер ойыны аяқталған соң, Жапонияда өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр. Әлемдік додада жақсы нәтижеден үміттіміз. Қандай да бір тосын жайттарсыз, бір деммен өткізсек деген ойымыз бар. Ал содан соң, биылғы маусым аяқталады. Маусымаралық үзілісте Лизаға жаңа әуен, жаңа образ таңдап, жаңа бағдарлама дайындаймыз. Элементтерді орындау техникасын жақсарту басты мақсатымыз", - дейді Сергей Дудаков.

Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева "Төрт құрлық чемпионатында" қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207.46 ұпай жинап, күміс медаль алды. Бұл біздің спортшының маусымдағы ең үздік нәтижесі. 

Загрузка...

Сізден жаңалық