Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады – президент

10 Шілде 2020, 13:02
1294
Бөлісу:
Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады – президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жобалардың 6 пайызында ғана тұрақты жұмыс орны қарастырылған, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Жобалардың 6 пайызында ғана тұрақты жұмыс орны қарастырылған. Оның өзінде мемлекеттік секторларда, яғни мектептер мен ауруханаларда. Мұндай жұмыс мені қатты алаңдатады. Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керек, - деді ол. 

Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмыспен қамту жол картасын» сынға алды. 

Біз «Жұмыспен қамту жол картасын» қабылдадық. Оны жүзеге асыру үшін 1 трлн теңге қаржы бөлдік. Бірақ жоспарда көрсетілгендей 255 мың емес, 150 мыңға жуық адам ғана жұмысқа орналасты. Жобалардың дені, негізінен, жөндеу жұмыстарына бағытталған, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы