Мұнай бағасының өзгеруі Қазақстанға қалай әсер етпек?

17 Қыркүйек 2019, 00:52
2375
Бөлісу:
Мұнай бағасының өзгеруі Қазақстанға қалай әсер етпек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қара алтынның қымбаттауына қатысты отандық сарапшылар өз пікірлерін білдіріп жатыр, деп жазады 24.kz. 

Экономист Арман Байғановтың айтуынша, мұнай бағасы әлі де қымбаттай түсуі мүмкін. Сарапшы оның бірнеше себебін атады.

"Менің ойымша, баға тағы да қымбаттайды. Мәселен, АҚШ инвесторлары мұнай саласына қаржы құюға мүдделі емес, соның әсерінен өндіріс қысқарады. Оған АҚШ пен Иран арасындағы қарым-қатынас пен ОПЕК елдерінің келісімін қосыңыз. Осы және өзге де факторларды ескере отырып Brent маркалы мұнайдың баррелі 70 доллардың шамасында сақталады деп ойлаймын. Ал теңгенің нығаюына ресей рублі әсер етті десек те болады. Жалпы АҚШ доллары өзге валюталарға қатысты әлі әлсірейді. Дональд Трамп жүргізіп отырған саясат біртіндеп осыған әкеле жатқан сыңайлы. Сондықтан 1 доллар алдағы бірнеше айда 380-385 теңге аралығында сақталады деп ойлаймын", - деді экономист Арман Байғанов.




Өзгелердің жаңалығы