МӘМС: Ертіс өңірі халқының басым бөлігі сақтандырылған

13 Мамыр 2020, 12:26
1285
Бөлісу:
МӘМС: Ертіс өңірі халқының басым бөлігі сақтандырылған
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде төтенше жағдай кезінде бірыңғай жиынтық төлем жасағандардың саны сегіз есеге артқан. Бұл тұрғындардың әлеуметтік мәртебесін өзектендіруге оң әсерін тигізді.

Үстіміздегі жылдың бірінші шілдесіне дейін ел халқының барлығы шартты түрде сақтандырылған болып саналатыны белгілі. Бұл тұрғындар үшін жеңілдік болып есептеледі.

Медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, бүгінгі таңда 42 500 теңге көлеміндегі мемлекеттік көмектің арқасында аймақта бірыңғай жиынтық төлем жасағандардың саны күрт артқан.

Үстіміздегі жылдың сәуірінде көрсеткіш 4 мың адамды құраса, қазіргі уақытта 28 мың адамға жетті. Осылайша, мәртебесі өзектендірілмеген тұлғалар саны 7 мыңға дейін қысқарды. Яғни, облыс халқының барлығы дерлік өзектендірілді және сақтандырылды. Ал бірінші шілдеден кейін мемлекеттік тегін медициналық көмек көрсету бойынша мәселелер туындамайды деп ойлаймын, - дейді Нұрлан Қасымов.

Бүгінгі таңда аймақ тұрғындарының 99-ы сақтандырылған. Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының мәліметінше, сәуір айында аймақ ұйымдары медициналық сақтандыру қорына 968 млн теңге аударған. Бұл наурыз айына қарағанда 3%-ке аз. Төтенше жағдай режимі алынған соң емханалар жоспарлы жұмыстарына біртіндеп кірісе бастады.

  

 

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы