МӘМС бойынша ПТР тест кімдерге тегін жасалады?

25 Маусым 2020, 13:31
2395
Бөлісу:
МӘМС бойынша ПТР тест кімдерге тегін жасалады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов "КВИ кезінде халыққа медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етудің өзекті мәселелері" айтты онлайн конференция барысында айтты.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі арқылы тегін полимеразалық тізбекті реакция тесттерінің (ПТР) нақты кімдерге тиесілі екеніне тоқталған қор басшысы бұл тестке құқылы адамдарды төрт санатқа бөліп қарастырды. 
Қазіргі таңда, халықты тестілеу ең көп қойылатын сауалдардың бірі. Жалпы ПТР-тестілеуге жататын азаматтарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады. Бірінші кезекте-инфекциялық стационарларда жатқан пациенттер. Олар диагнозды растау және емдеу алгоритмін қолдану үшін шұғыл түрде тексерілуі керек. Бұл жағдайда төлем Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы жүргізіледі. Тариф көлемі - 11 500 теңге. Тест тапсырушылардың екінші тобы - полиция қызметкерлері, блокпостардағы кезекшілер, медицина қызметкерлері. Тестілеу мемлекеттік тапсырыстың шеңберінде өткізіледі, төлем бұл жағдайда Ұлттық сараптама орталығы арқылы жүргізіледі. Вирус жұқтырған науқастармен байланыста болған және симптомдары бар карантиндік стационарлардың пациенттеріне тестілеу Ұлттық сараптама орталығы қаражаты есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ, тестілеу карантин изоляторына жатқызылған вирустың симптомсыз тасымалдаушылары үшін де қарастырылған. Олардың да төлемі ҰСО арқылы жүргізіледі, - деді ол.
Қор басшысы үшінші топқа стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде ПТР-тест тапсыратын пациенттер (бұған жүкті әйелдер де жатады), шұғыл емдеуді қажет ететін керек пациенттер жататынын айтты. Мұнда да төлем  МӘМС қоры арқылы жасалады.
Төртінші топқа вирус белгілері жоқ адамдардың барлығы жатады. Бізге бұл топтағы адамдар тапсыратын ПТР-тесті төлемі де МӘМС қоры арқылы жүргізілсе, деген ұсыныстар келіп жатыр. Осы ретте еліміздің экономикасы екінші орындағы өзекті мәселе екенін айта кеткім келіп отыр. Бірінші орында, әрине, халықтың денсаулығы тұр. Симптомсыз пациенттерге қатысты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша, қазіргі таңда симптомсыз пациенттердің ПТР-тест тапсыруына қажеттілік жоқ. Себебі, дәл тест тапсырып шыққан күні вирус жұқтырып алуы әбден мүмкін. Сондықтан, ең дұрысы, карантин талаптарын мұқият сақтау қажет. Яғни, әлеуметтік қашықтық, маска тағу, антисептик қолдану сияқты қарапайым ережелерді ұстану тиімдірек болады, - деді Жұмағұлов.

Айбатыр Жұмағұловтың айтуынша,бүгінде МӘМС қоры барлық емханалармен, инфекциялық және провизорлық стационарлармен 5,4 млрд теңгеге келісім шарт жасады. 500-ден астам медициналық ұйымға 1,6 млрд теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы