Мүмкіндігі шектеулі жандар онлайн-дүкен арқылы тапсырыс бере алады
14 Сәуір 2020, 09:08 834

Мүмкіндігі шектеулі жандар онлайн-дүкен арқылы тапсырыс бере алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың сәуір айынан aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер көрсету порталында проавтикті қызмет көрсету іске қосылды. Автоматтандырылған жүйе жұмысының алғашқы 10 күнінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға 3136 көмек түрі көрсетілді.

Бұрын кембағал жандарға қажетті қызмет көрсету және оңалту құралдары мемлекеттік сатып алу арқылы жүзеге асырылатын. Тендерлік процедуралардың ұзақтығына азаматтарға қажетті тауарды күтуге тура келетін. Ең қиыны, көмек алуға өтінім ресімдеудің өзі үшін мүмкіндігі шектеулі азаматтар жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне баруға мәжбүр болатын.

Енді мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің «онлайн-дүкенінде» мүгедектер кресло-арбаларды, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралды, протездік-ортопедиялық көмекті, санаторлық-курорттық емдеуді, жеке көмекшінің (І-ші топтағы мүгедектер үшін) және ымдау тілі маманының (есту бойынша мүгедектер үшін) қызметін алуға өтінім ресімдей алады.

Аталмыш қызметті онлайн ұялы телефон нөмірлері базада тіркелген мүгедектігі бар әр азамат пайдалана алды.

Жақын арада проактивті формат бойынша әлеуметтік қызметтердің қол жетімді тізімі кеңейе түседі. Енді: медициналық мекемеде және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға, әлеуметтік маңызы аурулары бар балалы отбасыларға, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқыту бойынша шығындарды өтеу үшін құжаттарды ресімдей алады.

Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ Мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын жақсарту үшін 2020 жылдың қаңтарынан бастап https://aleumet.egov.kz әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды. Бұл портал мүмкіндігі шектеулі адамдарға оңалту құралдары мен қызметтерін сатып алуды өз бетінше таңдау мүмкіндігін береді.

Бұл ретте сатып алынған тауарлар мен қызметтерге жұмсалған шығындар өтеледі.

Бүгінгі күні порталда 500-ге жуық тауарлар мен құралдарды және оңалту қызметтерін көрсететін компания тіркелген.

2021 жылға дейін оңалту тауарлары мен қызметтері бір мезгілде әлеуметтік қызметтер порталы және Мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады. 2021 жылы автоматтандырылған жүйеге толық көшу жоспарлануда.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...