Бас жаңалықтар
Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді
23 Қазан 2019, 23:52 407

Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, деп жазды Елорда Инфо. 

Қабылдауда ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуды ұйымдастыру, атаулы әлеуметтік көмек алу, сауда орындарын ашу, жұмысқа орналасу және тұрғын үй бағдарламаларына қатысу мәселелері сөз болды.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Естеріңізге салсақ, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу барысында Алтай Көлгінов әкімдік ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін кеңейтуде қолдау көрсететінін айтқан болатын.

Бұл тұрғыда елордадағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға ерекше көңіл бөлінетін болады. Қалада екі оңалту орталығы салынбақ. Сондай-ақ тұрғын үйлердің құрылысы барысында бірінші қабаттарда емхана, балабақша, оңалту орталығы сияқты әлеуметтік нысандарды ашу көзделуде.

Фото қала әкімдігінің баспасөз қызметінен

Азаматтарды қабылдау барысында ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған Ақмарал есімді ана медициналық көмек қажет екенін айтты. Бұл мәселе күн тәртібіндегі жоспарға қойылды.Енді инватакси санын 33-тен 50-ге дейін арттыру көзделуде.

Айта кетсек, үш ай ішінде елорда әкімі 500-ден аса адамды қабылдады. Жалпы, тұрғындарды қабылдау аудандық әкімдіктерінде және "Жанұя" отбасы институтын қолдау орталығында өтеді. Орталықта "бір терезе" қағидаты бойынша қала тұрғындарына 70-тен аса мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Келіп түскен әрбір өтініш бойынша тыңғылықты жұмыс жүргізіледі.

Аталған орталық ашылған 8 апта ішінде мамандар 4,5 мыңнан аса адамды қабылдаған.





Фото: дереккөз
Загрузка...