Бас жаңалықтар
Мүмкін қаланы да жабатын шығар – ДСМ ресми өкілі
17 Наурыз 2020, 13:13 504

Мүмкін қаланы да жабатын шығар – ДСМ ресми өкілі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында коронавирус фактілерінің күн сайын көбеюіне байланысты екі қала жабылуы мүмкін.

17 наурыз сағат 13.00-дегі жағдай бойынша екі қалада жалпы 27 науқас тіркелді. Осыған орай жергілікті әкімдер келесі жоспарға көшіп, қаланы да жабуы мүмкін.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстан Ұлттық арнасында тікелей эфирде "Ашық алаң" бағдарламасында айтты.

"В" жоспары бойынша бүгін енді жергілікті басқару органдары, әкімдіктер, әкімдер шешеді. Бүгін сондай болуы керек деп ойлаймыз. Өйткені, мүмкін, қаланы да жабатын шығар, - ДСМ ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 
Қазір көптеген алдын алу шаралары қолданып жатыр. Бүгін ҚР бас санитар дәрігерінің қаулысы күшіне енді. Бұл қаулыға сәйкес біз бөлген үш санаттағы елдердің тізімі өзгерді.  Сонымен қатар, бұл қаулыға сәйкес барлық медициналық мекемелер де, ауруханалар да карантин енгізіліп отыр және де барлық медициналық мекемелерде ауруханалар, емханаларда фото және бейнеге түсіруге рұқсат жоқ. Қатаң тыйым салынып отыр, - деп қосты ДСМ ресми өкілі.
Айта кетсек, елордада бүгін тіркелген 14 науқастардың кім және қалай жұқтырды деген сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тікелей эфирде жауап береді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...