Мұхтар Тілеуберді Канада премьер-министрінің арнайы өкілімен кездесті

21 Қараша 2019, 04:45
6997
Бөлісу:
Мұхтар Тілеуберді Канада премьер-министрінің арнайы өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтанға жұмыс сапарымен келген Канада премьер-министрінің Еуропалық Одақ және Еуропа бойынша арнайы өкілі Стефан Дионмен кездесті.


Ведомстводан хабарлағандай, Қазақстанның сыртқы істер министрі Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо бастаған Либералды партияны жақында өткен парламенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. 

Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқандығын атап өтті.

Канада премьер-министрінің арнайы өкілі елде шетелдік инвесторларды тарту үшін жасалған инвестициялық мүмкіндіктерге жоғары баға берді, сондай-ақ Оттаваның Нұр-Сұлтанмен сындарлы және өзара тиімді қатынастарды одан әрі орнатуға деген ұмтылысын атап өтті.

Екі мемлекет арасындағы визалық режимді жеңілдетудің маңыздылығы сөз болды.

Тараптар сондай-ақ халықаралық аренадағы саяси өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.


Өзгелердің жаңалығы