Мүгедек жастардың интеллектуалдық мүмкіндіктері зор

30 Тамыз 2019, 16:09
4347
Бөлісу:
Мүгедек жастардың интеллектуалдық мүмкіндіктері зор
PHOTO
Фото: автордан

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мүмкіндіктері шектеулі жандардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайын жақсарту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Кез келген адам, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлға да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар.

Бұл туралы Жамбыл облысындағы Жуалы ауданында ашылған«Мүмкіндіктер мекені» атты жастар оқыту лагерінің жабылу салтанатында айтылды. «Тау самалы»демалыс орнында өткен басқосу өңірдегі мүгедек жастар мен белсенді азаматтардың қарым-қатынасын нығайтып, өзара байланыстарын жетлдіре түскен.

тер.JPG

Жамбыл облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мурбековтың сөзіне қарағанда, үш күнге созылған шара жастар арасында зияткерлік, адами және ой ұшқырлығы әлеуетінің қалыптасуына үлкен ықпал жасаған. Олардың көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, жастар саясатында жалпы жұмысты үйлестіруге баулыды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жастардың толыққанды дамуы мен лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға жан-жақты көмек көрсетуді мақсат тұтты және сол үдеден шықты.

«Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүргізілуде. Олардың барлығының көздегені бір нәрсе: еңбекке үйрету, өмірде өз орнын табуға баулу, осы заманға икемді жеке тұлға қалыптастыру. Олар өздерін танып, айналасындағылармен араласуы керек. Осы лагерь кезінде де біз, әсіресе аталған межеге жетуге барымызды салдық», - дейді Бауыржан Жолдасбекұлы.

бауыржан (1).jpeg

Лагерь мүмкіндігі шектеулі жастардың екінші тынысын ашып, жаңа достар табуына, өздерін қоғамға қажетті жеке қайталанбас тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасады. Ондағы тиімді тренингтер, лекциялар, командалық ойындар арқылы қатысушылар тұлға ретінде дамудың, кәсіби өсудің жолдарын көрді.

Орталық директорының айтуынша, шара барысында қонақтармен интерактивті сұхбаттар жасалды, денешынықтыру ретінде күнделікті таңғы жаттығулар болды. Кешкі сауықтыру шаралары мен концерттік бағдарламалар лагерьді қызықты ете түсті. Ең бастысы, белсенді мүмкіндігі шектеулі жандар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Лагерьге шақырылған мүгедек жастардың арасында эпилепсия дертіне шалдыққан, көздері көрмейтін, құлақтары естімейтін, қимыл-қозғалысы қиын азаматтар да болды. Сонымен қатар жамбылдық белсенді жастарды жинадық. Олардың бір-бірімен араластырып, жеті топқа бөліп, интеллектуалдық, зияткерлік, спорттық сайыстар негізінде жарысқа түсірдік. Бізді таңқалдырғаны – мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің он екі мүшесі сау адамдардан еш кем емес екендігін көрсетті. Әсіресе, интеллектуалдық, зияткерлік ойындарда белсенділік танытты», - дейді Б.Мурбеков.

Лагерь барысында Паралимпиада ойынцдарының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Өңірлік коммуникациялар қызметінің жетекшісі Ихтияр Мырзахметов, «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Зайыржан Юлдашев, облыстық «Рухани жаңғыру» офисінің жетекшісі Серікбол Берікқожа сынды азаматтар өздерінің өмір, еңбек жолдарынан тартымды әңгімелер айтып, қамкөңіл жандарға ерік-жігер сыйлады, рухтарын көтерді.

тер2.JPG

«Шара кезінде психологтар да, социологтар да, өзге де әлеуметтік мамандар да тынымсыз жұмыс істеді. Мүгедек жандар сондай мамандардың арқасында өздерінің қоғамға қажеттігін, мүмкіндіктерінің шексіз екенін, ешкімнен кем еместігін ұғынды. Олар, тіпті жамбылдық белсенді жастармен шынайы досқа айналып, қоштасу кездерінде көздеріне жас алды. Біз лагерьді ұйымдастырудағы мүддемізді толық орындадық деп ойлаймын», - дейді Бауыржан Жолдасбекұлы.

Айта кетейік, «Мүмкіндіктер мекені» атты лагерь Жастар жылы аясында, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туған міндеттерді орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы