Мүгедек жандарға пойыз билеті 50% жеңілдікпен беріледі

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ&nbsp;мүгедек жандар үшін пойыз билетіне 50% жеңілдік жасайды.</h4>

 24 Шілде 2020 2020, 07:45
24 Шілде 2020 2020, 07:45
4045

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ мүгедек жандар үшін пойыз билетіне 50% жеңілдік жасайды.

Компанияның мәлімдеуінше, жол жүру құжатын онлайн рәсімдеу үшін жолаушы тіркеуден өтіп, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның билет кассасынан "Мейірім" электронды дисконт картасын алуы және картаны іске қосу үшін тиісті символдарды теруі қажет.  

Айта кетейік, әзірге арнайы тіркеуден 300-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан өткен. Ал негізі әр түрлі топтағы және жасына қарай шектеу жоқ. Тек тиісті құжаттарымен теміржол кассасына барса жеткілікті.

Наверх