Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі әншілер байқауы қорытындыланды

11 Қараша 2019, 21:30
4896
Бөлісу:
Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі әншілер байқауы қорытындыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда Мәди Бапиұлы атындағы республикалық дәстүрлі әншілер байқауының қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қарашаның 6-ы мен 8-і аралығында Қарағандыда Мәди Бапиұлы атындағы дәстүрлі ән орындаушыларының IV республикалық байқауы өтті. Өнер додасының екі кезеңі мен гала-концерт «Шалқыма» концерт залында болды.

Байқауға республиканың барлық облыстарынан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Қостанай, Петропавл және Қарағанды қалаларынан 34 орындаушы өтінім берді. Екінші кезеңге 22 қатысушы өтті. Олардың 7-і лауреат атанды.

Бас жүлдені қарағандылық Азат Әбдіғалым жеңіп алды.

Бірінші орынды Көкшетау қаласынан келген Шыңғыс Сәрсенбай иеленді. Екінші орын Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Алуа Қаламбекова мен алматылық Ақжол Өсербайға бұйырды. Үшінші орынды өзара үш қатысушы бөлісті: Дәуренбек Слямғали, Біржан Айтахметов (Алматы) және Аяулым Қамажан (Нұр-Сұлтан).

Гала-концертке домбырашылар ансамблі мен Мәди Бапиұлы атындағы ІV республикалық байқаудың лауреаттары қатысты. Олар Мәди Бапиұлының "Қаракесек", "Үш қара" және "Қарқаралы" шығармаларын орындады.

Байқау дәстүрлі болып табылады, биыл ол төртінші рет өтті. Оның басты мақсаты – жастар арасында Мәди Бапиұлының шығармаларын насихаттау.

Қазақ ақыны, әнші, композитор Мәди Бапиұлы бала кезінен бастап өзінің әнімен және домбырада ойнауымен танымал болған. Ақан сері, Біржан сал секілді белгілі әншілермен кездесе отырып, оларға өнерін көрсетіп, майталмандардан тәлім алған.

Мәди Бапиұлы сотталып, жазасын Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы қалаларында өтеген. Түрмеде ол туған өлкесіне сағынышын білдіріп, "Қаракесек" әнін жазған. Ол әнінде ақын әділ етсіздік әлемінде өмір сүрген өзінің ауыр тағдыры туралы айтады.

Мәди Бапиұлының шығармашылық мұрасы толығымен жиналған жоқ. Оның "Қаракесек", "Ширкин-ай", "Мәди", "Қыз Жібек" секілді әндерін Е.Г. Брусиловский алғашқы Қазақ ұлттық операларында пайдаланған. Мәди Бапиұлының өмірі мен шығармашылығына А.Қ. Жұбанов, А.Бектасовтың зерттеулері, А.Әбішевтің "Найзағай" романы арналған. 
Өзгелердің жаңалығы