Мәдениет және спорт министрі Риддер қаласындағы музыка мектебіне барды

22 Қыркүйек 2019, 12:10
1488
Бөлісу:
Мәдениет және спорт министрі Риддер қаласындағы музыка мектебіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Риддер қаласындағы музыка мектебіне барды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда мектеп директоры М.Бестужева министрге ұжымның жұмысы мен алдағы жоспарлары жайлы баяндады. Ақтоты Райымқұлова фортепиано, үрмелі аспаптар сабақтарына қатысып, балалардың шығармашылық топтарымен танысты.

Министр балаларға музыкамен айналысудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтып берді. 

Мәдениет және спорт министрі мектеп ұжымымен кездесуінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауы жайлы, онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында баяндады. Жолдаудағы «азаматтар үніне құлақ асатын Үкімет» жобасы жайлы, елдің дамуын билік пен қоғам арасындағы диалог арқылы қамтамасыз ету туралы бағыттары талқыланды. 

Ақтоты Райымқұлова мектептің мақтанышына айналған, түрлі облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген, 2-10 қазан күндері Алматы қаласында өтетін "The Planet of ART – 2019" халықаралық фестиваліне қатысуға дайындалып жатқан Санжар Сағындықовпен кездесіп, өнерлі дарынға сәттілік тіледі.


Өзгелердің жаңалығы