Мұғалімдер мемлекеттік органдар шешетін өтініштер мен шағымдарды ажырата білулері қажет

1 Қазан 2020, 13:19
1826
Бөлісу:
Мұғалімдер мемлекеттік органдар шешетін өтініштер мен шағымдарды ажырата білулері қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Нұр-Сұлтан қаласында мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың тиімділігі» тақырыбында өткен онлайн брифинг кезінде «Қолдау» «Білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселері жөніндегі кеңестің мүшесі Фарида Эйвазова баяндады.

Педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі аймақтық Кеңестің құрылуы «Педагог мәртебесі туралы» заңының жүзеге асырылуының дәлелі. Сонымен қатар қаладағы педагогтермен өзара тығыз әрекеттесуге арналған ашық диалог алаңы. Кеңестің негізгі міндеті – «Педагог мәртебесі туралы» Заңның сақталуын қамтамасыз ету, педагогикалық әдеп нормаларын бұзуға жол бермеуге және алдын алуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу, - деді кеңес мүшесі Фарида Эйвазова.

Ол айтқандай, Кеңес қаладағы білім беру ұйымдар басшыларының есебін тыңдауға, «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларын сақтау мәселелерін қарастыруға, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты алуға, заң нормаларын бұзатын лауазымды тұлғалардың қызметінен босату туралы ұсыныстар енгізуге және басқа да сұрақтар бойынша қала әкіміне шағымдануға құқылы.

Мұғалімдердің Еңбек кодексіне сәйкес мемлекеттік органдар немесе ұйымдар шешетін өтініштер мен шағымдарды ажырата білу қажет. Өйткені кеңес шағымдарды қарау бөліміне айналып кетпеуі керек. Ұжымда қолайлы орта құру, өзара түсіністік, педагогтерді қолдауға шығармашылық рух пен көзқарас – бұл мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдарының, және кеңестің міндеті, - деп атап өтті Фарида Эйвазова.

Өзгелердің жаңалығы