Мәжілісмендер Павлодардағы жедел жәрдем қызметі станциясын аралады

9 Шілде 2019, 16:04
1586
Бөлісу:
Мәжілісмендер Павлодардағы жедел жәрдем қызметі станциясын аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Павлодардағы жедел жәрдем қызметі станциясының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Мәжіліс депутаттары А. Құрманова, А. Нуркина, А. Суслов және Д. Нұрманбетова "Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова Тұңғыш президент - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік ахуалының маңызды компоненті екенін атап өтті.

"Бүгінгі күні Павлодар облысында Елбасының берген тапсырмаларының сапалы әрі уақытында орындалуы үшін барлық жағдай жасалған. Қазірде бұл жұмыстың нақты нәтижелері бар. Атап айтқанда, асқынған қан тамыры синдромына және инсультқа шалдыққан науқастарға арналған бағыт өңделіп, бекітілді. Аталмыш патологиясы бар емделушілер облыстың барлық аудандарынан шақырылған жерден тікелей мамандандырылған орталықтарға жедел жәрдем бригадаларымен жеткізіледі", - делінген хабарламада.

Ең алдымен, қолданылған шаралардың арқасында бастапқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі артты, әсіресе ауылдарда.

Сондай-ақ, ақпараттық технологиялардың енгізілуі, шақыруға келу уақытының қысқартылуы облыс трассаларында ЖКО кезінде тасымалдау кезеңінде өлімнің болмауына әкелгенін атап өткен жөн.

АМСК медициналық ұйымдарымен бірігу өткізілді, бұл 4-санаттағы жедел шақыруды автоматты түрде жіберуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бригада жүктемесі тәулігіне 15 қоңырауға дейін төмендеді. Стационарлардың қабылдау бөлімшелерімен бірігу өткізілді.

Өзгелердің жаңалығы