Бас жаңалықтар
Депутат Мәдениет және спорт министрлігін екіге бөлу керек деген ұсыныс айтты
24 Ақпан 2020, 18:22 381

Депутат Мәдениет және спорт министрлігін екіге бөлу керек деген ұсыныс айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында депутат Омархан Өксікбаев Мәдениет және спорт министрлігін екі ведомствоға бөлу керек деген ұсыныс айтты. 

Парламент Мәжілісінде өткен үкімет сағатында елімізде бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралды.

Спорт – бірінші кезекте қаржымен шешіледі. Ол болмаса, спорт саласындағы даму да, жетістік те болуы неғайбыл. Міне, осы қаржы төңірегінде бірде-бір цифр аталмады. Қаржы жеткілікті ме, толық па, немесе қайсыған жетіспейді. Осыны біле алмадық. Қай спортты қолдау керек, қайсысы екінші планға қалдыру қажет. Меніңше, әлі де толық айтылмаған, белгіленбеген. Бұқаралық спортты дамыту керек деп қайта-қайта айтып жатқаным, бүгінгі таңда республикалық бюджеттің 10 пайызын денсаулық сақтау саласына бөлеміз. Спортқа 0,1 пайызын ғана береміз. Денсаулығымыз мықты болсын десек, салауатты өмір салтын насихаттайтындың көбейгенін қаласақ, спортты дамытып, насихаттауымыз қажет. Біз сол арқылы денсаулық сақтау шығынын да азайтқан болар ма едік. Біз осы мәселені неге стратегиялық бағыт ретінде қарастырмаймыз. Егер спортты дұрыс дамытатын болсақ, кейін өзін-өзі қаржыландыратын деңгейге келеді, - дейді Омархан Өксікбаев. 

Оның айтуынша, кәсіби спортты қолдап, ақшаны аямау керек деп отыр. Кейін ол шығын өзін-өзі ақтайды. 

Кәсіби спорттың дені өз шығынын өзі жаба алады. Соған неге көңіл бөлмейміз. Бізде әлемге танылған спорт түрлері бар. Мысалы, футзал яғни шағын футбол. Осыған бюджжетен бір тиын қаржы бөлінбейді. Бірақ Қазақстанның абыройын көтеріп жүрген осылар. Клубтық болсын, ұлттық құрама жетістері ауыз толтырып айтарлықтай. Осы неге қолдамаймыз. Бұрын боксымыз алғы шепте еді. Уақытылы қолдамадық, қазір түсіп кетті. Позицияны жоғалтып алдық. Сондықтан бағдарлама жасауға тиіспіз, - дейді депутат.

"Халық қалаулысы" мәдениет және спорт министрлігін екіге бөлу керек деп санайды. Яғни бұрынғыдай спорт пен туризм сияқты жеке агенттік емес, басқаша ведомство ретінде құру қажет.

Әрине, сүйегінен миына дейін мәдениеттің саласында жүрген адамға осы спорттың бәрін егжейлі-тегжейлі біл деуіміз дұрыс та емес шығар. Алайда иығыңызға осы жүкті алғаннан кейін Ақтоты Рахметоллақызы (Райымқұлова – тілші) музыка үнінен, стадионның үнін құлағыңызға құйғаңыз жөн болар. Шындығына келсек, үкімет спорт пен туризмді мәдениеттен бөліп, басқа ведомство жасағаны дұрыс болады. Өйткені бұл сала өзін-өзі ақтайды. Спорт – Қазақстанның абыройын асқақтатын, туын желбіретін мүмкіндік, - деді Омархан Өксікбаев.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...