Люксембургте қоғамдық көлікте жүру тегін болады

4 Қаңтар 2019, 19:12
1798
Бөлісу:
Люксембургте қоғамдық көлікте жүру тегін болады

Астана, baq.kz. Ксавье Беттель басшылығымен Люксембург ұлы герцогтігінің үкіметі алдағы жазда пойыз, трамвай мен автобуста жүру үшін ақы алуды тоқтату жоспарымен бөлісті. Бұл жөнінде Today.kz порталы хабарлайды. 

Негізінен, кептеліс тьудырып отырған қалаға келушілер. Люксембург халқы 600 мың адам болса, күн сайын мұнда 200 мыңға жуық адам көршілес Бельгия, Франция және Германиядан жұмысқа келеді. 
Зерттеулердің бірі көрсеткендей, 2016 жылы осы қала жүргізушілер орташа есеппен 33 сағатты көлік кептелісінде өткізген. Жол жүрудің 83 проценті жеке автокөлікте жасалса, небәрі 17 проценті ғана қоғамдық көлікпен жүзеге асырылады. 
Ақысыз жол жүру эксперименті басталып кетті: өткен жазда үкімет балалар мен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшін қоғамдық көлік қызметін пайдалану үшін ақы алуды тоқтатты. Ал басқа санаттағы азаматтар екі сағатқа дейінгі жол жүру үшін екі еуро төлеуі тиіс. 
Енді 2019 жылдың жазынан бастап Люксембургтегі барлық қоғамдық көлік азаматтардың барлығы үшін тегін болады.
Өзгелердің жаңалығы