Президент «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумына қатысты

24 Тамыз 2019, 13:10
2161
Бөлісу:
Президент «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумына қатысты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумына қатысуда. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Ұлытау – ұлтымыздың алтын бесігі, тағылымды тарихымыздың куәсі. Қалың қауым осы киелі өлкеде ел билеген хандарды ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған. Сондықтан біз Ұлытау жеріне хан ордасы, қазақ жерінің кіндігі деп, ерекше құрметпен қараймыз!»,-деді Мемлекет басшысы.

IMG_4442-24-08-19-03-33.JPEG

Сонымен қатар Президент бір-бірін дауға қиса да, жауға қимаған халқымыз береке-бірлікті бәрінен жоғары қойғандығын, бабалардан қалған салт-дәстүрлерді бүгінгі ұрпақ лайықты жалғастыруы тиіс екендігін айтты.

IMG_4452-24-08-19-03-33.JPEG

«Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи мұражай қорығы ел игілігіне айналды. Ұлытау ауданының орталығында Қазақ хандарының аллеясы бой көтерді. Енді еліміздің осындай баға жетпес бай мұрасын өзге жұртқа танытудың жаңаша жолдарын ойластыруымыз керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс екенін айтты.

IMG_4438-24-08-19-03-33.JPEG

«Ұлытау – халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризмнің орталығы болуы тиіс. Бұл жұмыстар Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы қажет. Біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет. Ұлытау туристік мекенге, демалыс аймағына, ұлы бабаларға тағзым ету орталығына айналуы тиіс. Бұл өңірге қазақ тарихының символы болатын ескерткіш-ансамбль орнату қажет. Қасиетті Ұлытау – ұлтты ұйыстырудың, елді біріктірудің негізі...», - деді ел президенті.

IMG_4450-24-08-19-03-33.JPEG

Өзгелердің жаңалығы