Ұлық мерекені халқымыз ұлттық дәстүрмен үйлестіріп келеді - Мусин

31 Шілде 2020, 15:35
1350
Бөлісу:
Ұлық мерекені халқымыз ұлттық дәстүрмен үйлестіріп келеді - Мусин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Бағдат Мусин Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті қазақстандықтар. Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын. Халықтың бірлігін бекемдеп, ағайынды жақындастырып, адамзатты қанағат пен мейірімділікке шақыратын мүбәрак мейрам – Құрбан айттың маңызы ерекше, - деді ол. 

Бағдат Мусин сабырлық пен ізгілікке үндейтін ұлық мерекені халқымыз ұлттық дәстүрімен үйлестіріп келетінін айтты. 

Алайда елімізде ғана емес, бүкіл әлемде орын алған жағдайға байланысты биылғы мереке өзгеше болмақ. Құрбан шалу рәсімі онлайн форматта жүргізілмек. Азаматтар үйде отырып-ақ арнайы сайт арқылы тапсырыс бере алады. Қастерлі мереке күндері жасаған барлық ізгі-амалдарыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын. Ұлық мейрам әр отбасыға ырыс пен береке әкелсін! Айттан айтқа аман-есен жетуді нәсіп етсін, - деді Мусин. 


Өзгелердің жаңалығы