Лукашенко Жеңістің 75 жылдығына орай "Рақымшылық" заңын қабылдады

19 Мамыр 2020, 10:00
1424
Бөлісу:
Лукашенко Жеңістің 75 жылдығына орай "Рақымшылық" заңын қабылдады

Алматы, BAQ.KZ. Беларусь президенті Александр Лукашенко парламентпен мақұлданған "Рақымшылық" жөніндегі заңға қол қойды. 

Бұл туралы Беларусь президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған заңда жазадан босатылатын азаматардың санаты көрсетілген. Олардың қатарында кәмелеттік жасқа толмағандар, жүкті әйелдер, 18 жасқа дейінгі баласы бар жалғызбасты ерлер мен әйелдер, зейнет жасындағы тұлғалар, І және ІІ топ мүгедектері, соғыс ардагерлері, қызмет барысында жарақат алғандар, Чернобыль АЭС-ғы апатта зардап шеккендер бар.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елде бұл санатқа жататын 5,4 мың адам бар.

Рақымшылық жасау ісі заң қабылданған соң алты ай ішінде жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы