Лукашенко келесі жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

18 Қараша 2019, 11:18
1651
Бөлісу:
Лукашенко келесі жылы өтетін президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ. Белорусия президенті Александр Лукашенко кеше журналистермен кездесу барысында 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Белта басылымы хабарлады.

Александр Лукашенко сөз арасында бұл лауазымға жабысып отырмағанын, тек өз кандидатурасын ұсынуға міндетті екенін басып айтты. Ал халықтың оны қолдау, қолдамауы өз еркі.
Егер халық мені мұндай сайлауда қолдамаса, оларға өкпелемеймін. Мен бұған дейін де көптеген жыл жұмыс істедім, - деді ол.
Президент сайлауын өткізу мерзіміне келер болсақ, заң бойынша ол 2020 жылдың тамызынан кеш өтпеу қажет. Сайлау өткізу мерзімін ауыстыру қарастырылмаған.
Өзгелердің жаңалығы