Бас жаңалықтар
Луговой станциясында мас адам пойыздың астына түсіп кете жаздады
26 Шілде 2021, 22:07 364

Луговой станциясында мас адам пойыздың астына түсіп кете жаздады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Луговой станциясында көлік полициясының қызметкерлері пойыз бен платформа арасына құлап кеткен ер адамды шығарып алды.

Бұл туралы көліктегі ПД баспасөз қызметі хабарлады.

23 шілдеде ер адам «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы пойызға отыруы керек болған. Бірақ жолаушы кешігіп келген. Пойыз жылжи бастағанын көргенде ер адам қатарласа жүгіріп, вагонның есігін ұрғылайды. Жолаушы полицейлердің ескертуін тыңдамаған.

Салдарынан ер адам байқаусызда тайып кетіп, пойыз бен платформа арасындағы қуысқа құлап кетті. Пойыз шұғыл түрде баяулады және тәртіп сақшылары оны пойыздың астынан алып шықты, - деді полиция өкілі.

Кейіннен ер адамның жеке тұлғасы анықталды. Ол Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам мас болған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, құқықбұзушыдан орташа дәрежедегі масаңдық анықталған.

Оған қатысты бірден екі әкімшілік хаттама толтырылды: ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабы 1-бөлігі (Теміржол көлігі құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Айта кетейік, осы оқиғаға байланысты пойыз 3 минутқа тоқтаған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...