Ұлттық банк байқау жариялады

11 Қараша 2019, 13:22
4893
Бөлісу:
Ұлттық банк байқау жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығын атап өту аясында 2019 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстан азаматтарының арасында "Жеңіске 75 жыл!" тақырыбына монеталардың үздік бейнеленуіне арналған ашық конкурс жариялайды.

Конкурстың негізгі мақсаты – дарынды азаматтарды анықтау және көтермелеу, суретшілерге өз шығармашылық әлеуетін ашу мүмкіндігін беру және Жеңіс күні мерекесінің бірегей пайымдауын ұсыну.

Конкурстық жұмыстар қоса алғанда 2019 жылғы 11 – 25 қараша аралығында қабылданады. Бір автордан бір жұмыстан артық қабылданбайды. Конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 2 желтоқсанда жария етіледі.

2020 жылы бүкіл ел үшін маңызды және айтулы мерейтойлық күн – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы атап өтіледі. Ұлы Отан соғысы еліміздің тарихында терең із қалдырды. Бұл мереке бір жағынан қуанышты, екінші жағынан - қайғылы, себебі ел есінде әскери жылдардың өлшеусіз қиындықтары мен халықтың мәңгілік ерлігі сақтаулы, - делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.
Конкурс тәртібі мен талаптары Конкурс туралы ережеде сипатталған және Қазақстан Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсындағы "Хабарландыру" бөлімінде орналастырылған.

 


Өзгелердің жаңалығы