Ұлттық сараптама орталығы 5 қалада коронавирусқа тестілеу жүргізбейді

23 Маусым 2020, 22:50
2066
Бөлісу:
Ұлттық сараптама орталығы 5 қалада коронавирусқа тестілеу жүргізбейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Ұлттық сараптама орталығы" АҚ еліміздің 5 қаласында коронавирусқа ПТР тестілеу жүргізуді уақытша тоқтатады, деп хабарлады орталықтың ресми сайты. 

Елорда мен Алматыда коронавирусқа ПТР-тестілеу уақытша жүргізілмейді. Қазақстан 1,2 млн ПТР-тестін сатып алады. Коронавирус инфекциясын ПТР тесті әдісімен анықтау мемлекеттік тапсырысы бойынша зерттеулердің көлемі өте көп болып отыр. Тест тапсырушылар қатарында науқастармен байланысқан адамдар, пациенттер, медқызметкерлер және басқа да санаттағы азаматтар бар. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Орал қалаларында жеке тұлғалардан анализ алуды уақытша тоқтататамыз, - делінген орталық хабарламасында.



Өзгелердің жаңалығы