Ұлттық пошта операторы интернет-дүкендерге өз сервистерін тегін береді

19 Маусым 2019, 08:35
1736
Бөлісу:
Ұлттық пошта операторы интернет-дүкендерге өз сервистерін тегін береді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазпошта" АҚ отандық интернет-дүкендердің иелері үшін Open API «KazpostStore» іске қосты. 

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл жоба арқылы интернет-дүкендер өз сайттарында Қазпоштаның қызметтерін пайдаланады. Жоба үш басты бағытқа бөлінеді: пошта, қаржы қызметтері және PayPost интернет-эквайрингі.

"Қазір «Жаңа пошталық индекстер», «Жеткізу құнын есептеу», «Мекенжай белгілерінің генерациясы» және «Трекинг» сияқты сервистер қолдануға дайын. Бұл сервистер онлайн-дүкендерге, жеткізу қызметтеріне және басқа да компанияларға деректерді индекстерді орнату үшін, хаттар мен сәлемдемелерді іздеу үшін, тасымалдау шығындарын есептеу үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Қаржылық қызметтерден SalemOnline (карталар арасындағы аударылым), SalemMobile (qr-кодтар арқылы төлеу)", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, интернет-дүкендер тек карта арқылы өз сайттарында төлем қабылдау мақсатында  кез-келген заңды және жеке тұлғаларды анықтауға мүмкіндік алады.

PayPost интернет-эквайрингі интернет-дүкендердің иелеріне өз сайттарында кез келген банктің төлем карталары арқылы төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Жаңадан қосылған сервистердің тізімі сайтта жаңартылып отырады.



Өзгелердің жаңалығы