Бас жаңалықтар
Ұлттық қордың трансферті тек қана әлеуметтік мәселелерге бағытталады
14 Шілде 2020, 09:49 109

Ұлттық қордың трансферті тек қана әлеуметтік мәселелерге бағытталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қатаң бюджет тәртібін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңда кепілдендірілген трансферттердің нысаналы сипаты айқындалатын болады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының ахуал нашарлаған жағдайда экономика салалары қолдаудың қосымша шаралар пакетін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспары қалыптастырылатын болады. Жоспар жобасын экономикалық саясат жөніндегі кеңесте қарастырып, кеңес мақұлдаған жағдайда бекіту ұсынылады, - деді Дәленов.

Министр инвесторлар үшін шарттарды сақтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша тиісті өзгеріс заңнамаға енгізілетінін айтты.

Тікелей инвестициялар бойынша тұрақты ортаны қалыптастыру мақсатында стратегиялық инвесторлар үшін шарттарды сақтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін заңнамаға тиісті өзгерістер Мәжілістің қарауына енгізілетін болады, - деді ол.

Дәленов мемлекеттік компаниялардың бюджетке дивидендтерді төлеуді тұрақты негізде арттыру мәселесі зерделенетінін айтты. 

Жүргізілген талдау негізінде тиісті нормативтік құқықтық акт әзірленетін болады. Бюджеттің кіріс бөлігінің тиімділігін арттыру үшін салықтық преференциялар мен жеңілдіктер талданатын болады, - деді ол. 

Сондай-ақ, министр кепілдендірілген трансферттердің нысаналы сипаты айқындалатынын айтты.

Қатаң бюджет тәртібін қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы заңда кепілдендірілген трансферттердің нысаналы сипаты айқындалатын болады. Тек қана әлеуметтік мәселелер мен инфрақұрылымдық дамуға бағытталады, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...