Бас жаңалықтар
Ұлттық нышандар - елдігіміздің мызғымас тұғыры
04 Маусым 2020, 16:40 141

Ұлттық нышандар - елдігіміздің мызғымас тұғыры

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай елімізде өтіп жатқан онлайн-шаралар, челлендждерді ақмолалықтар да қызу қолдауда.

«Менің туым – менің Отаным» акциясы аясында орталық алаңдар мен көшелер, мемлекеттік ғимараттар, тұрғын үйлердің терезелеріне еліміздің көк байрағы ілінді. Көкшетаулық кәсіпорын қызметкерлері жұмыс күнін Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаудан бастады. Патриоттық акцияға "Евразия Групп Қазақстан", "Агример Астық", "Гормолзавод" және "Ақсай
нан" ұжымдары қатысты.

DSC_5564.JPG

Бұл мерекенің мен үшін маңызы өте зор. Егемен еліміздің әр қадамы ерекше қуантып, шадыман күйге бөленгенбіз. Сондай салтанатты да салиқалы жаңалықтардың бірі – Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Туымыздың белгіленіп, жариялануы. Оған дейін әртүрлі жобалар талқыланып, халық өз ұсыныстарын белсенді түрде білдірген-ді. Осы белсенділіктің өзі тәуелсіздіктің қасиетін қадірлеудің көрінісі еді. Көк байрағымыз алғаш желбіреген кездегі шаттықты еске алсақ, әлі күн жұдырықтай жүрегіміз дүрсілдей жөнеледі. «Қасиетті Көк Ту, еңселі байрақ, әдейі жазылып, ақыры төрге озған асқақ Әнұран, тарихымыз бен арман-тілегімізді жеткізген Елтаңба!.. Қалай қуанып, қалай шаттанбассың?! Өз елің, өз еліңнің әлем таныған ресми нышандары! - дейді "Агример Астық" ЖШС қызметкері Роза Ақышева.
[000255].jpg

Өңірде алғашқылардың бірі болып игі бастамаға үн қосқан облыстық жастар ресурстық орталығы Instagram парақшасында "Зерек"
балабақшасының бүлдіршіні Сезім Асқардың орындауындағы мемлекеттік әнұранның бейнебаянын жариялады.

Еліміздегі карантиндік шараларға байланысты "Әнұранды орында" арнайы эстафетасын жолдауды жөн көрдік. Әрі бұл желі қолданушылар арасында жылдам тарап кетті. Эстафетаға әр жастағы өңір тұрғындарының қатысуы мерекенің маңыздылығын арттыра түскендей. Мемлекеттік рәміздердерді бүлдіршіндеріміздің де білуі ерекше қуантты, - дейді облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Анаргүл Белгібаева.
[000228].jpg

"Мемлекеттік рәміздер – мақтанышым!" челленджіне спортшылар, құтқарушылар, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер қатысты. Мерекеге орай Көкшетауда автошеру, кітап көрмесі, викториналар ұйымдастырылды. Кітапханалар ұлттық нышандарға қатысты виртуалды экспозицияларды жұртшылық назарына ұсынды. Облыстық техникалық реттеу және метрология департаментінің мемлекеттік инспекторы Ботагөз Зұлқарнаеваның айтуынша, ұлттық нышандардың қастерлілігін, оған жауапкершілікпен қарауды тұрғындар арасында әлі де насихаттай берген дұрыс.

DSC_5626.JPG

Латын графикасына кезең-кезеңімен көшу реформасына байланысты елтаңбадағы "Қазақстан" сөзі "QAZAQSTAN" деп жазыла бастады. Мемлекеттік елтаңбаның жаңа стандарты 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Осы уақыт аралығында өндірушілер өз өнімдерін өзгертіп, барлық мекемелер Елтаңбаны пайдаланудың жаңа стандарттарына көшуге тиіс. Ел тұрғындары республикамыздың басты символдарының мән-мазмұнын әлі де жете ұғына алмай келеді. Бұған ақпараттың кемшіндігі, насихаттың аздығы қатты әсер етеді. Мемлекеттік рәміздердің заңмен қорғалатынын әр азамат білуі тиіс. Бұл ет үйренетін, жалықтыратын, немесе, ескермей, елеусіз қалдыра салатын мәселе емес. Тоқсан сайын облыстық ішкі саясат басқармасы өкілдерімен бірге мемлекеттік органдардағы ұлттық нышандарға пайдаланылуына мониторинг жүргізіледі. Аудандарда көшпелі семинарлар ұйымдастырып, мемлекеттік рәміздердің стандартын түсіндіреміз. Тексеру кезінде мемлекеттік рәміздердің заңмен бекітілген талабын орындамайтын мекемелерге кемшіліктерді жою жөнінде ескертулер жасалады. Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіру көзделуде, - дейді ол.


Фото: автордан
Загрузка...