LRT құрылысы келесі жылы аяқталады – вице-премьер

23 Шілде 2019, 11:41
2587
Бөлісу:
LRT құрылысы келесі жылы аяқталады – вице-премьер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында премьер-министр орынбасары Жеңіс Қасымбек осылай деді.

"Осы аптада, 24 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бойынша мемлекеттік комиссия отырысы өтеді. Сонда талқыланатын мәселелердің бірі – жеңіл рельсті трамвай (LRT) жолының одан арғы құрылысы мен жобаның аяқталуы. Жоба шынымен де ұзаққа созылып кетті. Ол бірінші жыл салынып жатқан жоқ. Оның проблемасы – "Астана банкіндегі" қаражат. Бүгін әкімдік Ұлттық банкпен, Қаржы министрлігімен бірігіп, осы қаражатты өндіріп алу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Қаржы бұғатталған. Ол 80 млрд теңге. Бұл займ бойынша бірінші транш болған еді. Осыған байланысты құрылыс уақытша тоқтаған болатын. Президенттің тапсырмасы – осы нысанды аяқтау. Енді әкімдік осы жобаны жүзеге асыру механизмінің нұсқаларын ұсынады. Біз мемлекеттік комиссия отырысының нәтижесінде ғана сіздерге толық ақпарат бере аламыз", - деді Жеңіс Қасымбек.

Вице-премьер Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жобаны келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында вице-премьер Жеңіс Қасымбек елордадағы LRT құрылысын аяқтау үшін «Астана банкінің» бұғатталған қаржысын алу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы