Лондонда наразылық акциясына қатысқан 428 адам қамауға алынды

19 Сәуір 2019, 12:20
1719
Бөлісу:
Лондонда наразылық акциясына қатысқан 428 адам қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондонда климаттың өзгеруіне қарсы шеру өткізіп жатқан табиғат қорғаушылары Хитроу әуежайына жолды жауып тастайтынын айтып сес көрсетті, деп хабарлады «Хабар 24».

Осы оқиғаға байланысты жергілікті билік шұғыл шаралар қабылдауда.

Айта кетейік, Ұлыбритания елордасында климаттың өзгеруіне қарсы шерулер дүйсенбіден бері жалғасып келеді. Наразылық акциясының соңғы екі күнінде Ұлыбритания бюджетіне 12 миллион фунт стерлинг шығын келтірілген.

Шаһар орталығындағы дүкендердің кірісі 25%-ға төмендеп, тауар жеткізу жұмыстары қиындаған.

Шерушілердің жолдарды бөгеуіне жергілікті тұрғындар да наразы.

Бүгінге дейін полиция қызметкерлері тәртіпсіздік жасаған 428 адамды қамауға алды. 




Өзгелердің жаңалығы