Бас жаңалықтар
Алматыда 2 ломбард директорлары ұсталды
23 Ақпан 2020, 10:07 431

Алматыда 2 ломбард директорлары ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда "Гарант 24" және Estate ломбардтарының өңірлік директорларын "қаржылық пирамида құрды" деген күдікпен полиция тұтқындады. 

Бұл туралы Polisia.kz сайтында хабарланды. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің тергеу басқармасының мәліметтері бойынша, жедел-іздестіру жұмыстарының барысында 2 қаржылық ұйымның басшылары ұсталды. Оларға қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған салымшыларды тартты деген күдік келтіріліп отыр. 

Олар өткен жылдың соңынан бастап әрекет ете бастаған. Салымшыларды өз ұйымына қаржы салған жағдайда қомақты қаржы табатындарына сендіріп, нәтижесінде бөтеннің мүлкін қылмыстық жолмен иемденіп алған. Қазіргі таңда аталған қылмысты ұйымдастырушылар ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бұған дейін қызылордалық полицейлердің қаржы пирамидасын құрғандарға қатысты қылмыстық іс қозғағандығы, Шығыс Қазақстан облысында "Гарант 24 Ломбард" ЖШС салымшылары 52,5 млн теңгесінен айырылғандығы және "Гарант 24 Ломбард" ұйымының Тараз бөлімшесінің директоры ұсталғандығы туралы хабарланған еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...