Ломаченко қарсыласын нокаутқа жіберді

13 Сәуір 2019, 14:20
2704
Бөлісу:
Ломаченко қарсыласын нокаутқа жіберді

Алматы, BAQ.KZ. Лос-Анджелестегі атақты "Стэйпл Орталықта" бокс кеші өтті. Бокс кешінің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы WBA және WBO тұжырымы бойынша чемпион Василий Ломаченко мен британдық Энтони Кролл арасында өтті. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.

Көптен күткен жекпе-жектің үшінші раундында Кролл қарсыласының сериялық соққыларынан кейін нокдаун алды.

Ал келесі раундта Ломаченко оны нокаутқа жіберді.

Осылайша, WBA тұжырымы бойынша міндетті үміткер бас көтере алмастай болып жеңілді. 

Жартылай жеңіл және жеңіл салмақ дәрежесіндегі Ломаченконың бұл 14-ші жекпе-жегі, оның 13-де жеңіске жеткен. Ал британдық Энтони Кролл 34 рет жеңіске жетіп, 7 рет жеңіліс тапқан.
Өзгелердің жаңалығы