Вакцина салдырған 44 адам ауырып қалған

14 Мамыр 2021, 17:33
1855
Бөлісу:
Вакцина салдырған  44 адам ауырып қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бас репродуктологы Вячаслав Локшин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.

Мен сияқты адамдар да бар шығар. Мен бірінші вакцинаны алғаннан кейін ауырып қалдым. Бұл – вакцинаның кінәсі емес. Антидене 21 күннен кейін қалыптасады деді. Демек, байланыс оған дейін болып отыр. Адам екі компонентті алғаннан кейін 21 күн өткен соң бірақ өзін қорғай алады. Мен де басында өзім сенбедім. Бірақ солай болды, - деді Локшин.

Оның айтуынша, вакцина алған адам бірден жайбарақат күйге өтеді.

Ал вакцина тек 21 күннен кейін ғана әрекет ете алады. Мен өзім сияқты қайта ауырған адамдармен сөйлестім. Сондықтан вакцинаның екі компонентінен кейін ғана өзіңді қорғай алатыныңды түсіну керек, - деді Вячаслав Локшин.

Өз кезегінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл вакцинаның екі компонентін алған 44 адам ауырып қалғанын айтты.

Біз коронавирус бойынша әрбір жағдайды бақылауда ұстаймыз. Вакцина алған адамдардың қайта ауыруы туралы тізім жүргіземіз. Сондықтан бұл ресми ақпарат, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы