Қазақстанда лизинг нарығының өсу әлеуеті жоғары

2 Сәуір 2019, 16:43
3407
Бөлісу:
Қазақстанда лизинг нарығының өсу әлеуеті жоғары

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстандық лизинг нарығы өсімнің орасан зор әлеуетіне ие, бірақ оның дамуын реттеуші және психологиялық кедергілер тежеп отыр. Бұл туралы Алматы қаласындада өткен баспасөз мәслихатында лизинг қызметін көрсететін жетекші жеке компаниялардың бірі - «ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ-ның басшылары мәлімдеді.

«ForteLeasing» (ФортеЛизинг) АҚ Басқарма Төрағасы Талап Рахмановтың айтуынша, Қазақстанда лизингтік келісімдердің көлемі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 1%-не де жетпейді, ал көршілес елдерде ол әлде-қайда жоғары. Мәселен Ресейде ЖІӨ-нің 4,7%-мен шамалас. Қазақстанда да лизингтік қызметке деген жоғары сұраныс байқалады. Соңғы төрт жылда жеке лизингтік компаниялар айналымды бірнеше есе арттырды. Тек ForteLeasing-тің қоржыны 2018 жылы 2 есе артқан. Компания клиенттерінің лизингке сатып алған техникасының саны екі еседен астам өскен. Бір жылдағы активтер жиынтығы 1,5 есеге дейін артқан. 

Соған қарамастан, ел экономикасының масштабында лизинг қызметінің әлеуеті тиісті деңгейде пайдаланылмай отыр. Инвестициялардағы лизинг үлесі өзгеріссіз қалуда – 2017 жылы 1,5%, 2018 жылы 1,7%. Негізгі қорға түскен 11 трлн. теңге инвестицияның 200 млрд теңгеге жуығы лизингтің үлесіне келген.

Мамандардың айтуынша, лизинг нарығының дамуын бірнеше фактор тежеп отыр. Біріншіден, бұл жеке лизингтік компанияларға арзан қаржыландырудың жоқтығы және бас компаниясынан жеңілдікті қаржыландыруына қатысты нормативтік шектеулер. Екіншіден, жеке лизингтік компаниялар арқылы лизингтік қаржыландыру бойынша мемлекеттік бағдарламалардың жоқтығы және осы лизингтік жобалар мемлекеттік бағдарламалар аясында квазимемлекеттік компаниялар арқылы қаржыландырылады. Үшіншіден, бизнес-қауымдастықтың, атап айтқанда, ШОБ өкілдерінің негізгі қорларды сатып алу кезінде басқаларға қарағанда, лизингтік құралдардың артықшылықтары туралы хабардар болмауы.

«Лизинг нарығын қаржылай реттеуші тарапынан жағымды саясат жүргізілетін болса, Қазақстандағы өсімнің жоғары болатынына сенімдіміз. Бұл ірі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға жаңа мүмкіндіктер беріп, тауар өндіруші және сервистік компанияларға жаңа бастамалар ашады. Ал біз өз тарапымыздан нарықтағы өз сегментімізді дамытуға барлық күш-жігерімізді жұмсауды және лизингтік қоржынды арттырып, жеке компаниялар арасында нарықтың 15%-нен кем емес үлеске қол жеткізуді жоспарлап отырмыз»,-дейді Т. Рахманов.

Жиын барысында ForteLeasing компаниясы лизинг нарығын реттеу жүйесін реформалау қажеттігін және кәсіпкерелер ортасын лизинг қызметінің механизмдері мен артықшылықтары туралы хабардар етуді арттыруды ескере отырып, өз әріптестеріне Қазақстанда лизингтік компаниялар ассоциациясын құру туралы ұсыныс жолдады.

Өзгелердің жаңалығы