«Ливерпуль» – «Барселона»: ағылшындар «Жыл камбэгін» жасады

8 Мамыр 2019, 03:12
2399
Бөлісу:
«Ливерпуль» – «Барселона»: ағылшындар «Жыл камбэгін» жасады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. УЕФА Чемпиондар лигасының 2018/19 жылғы маусымында алғашқы финалист анықталды. Өз алаңында «Барселона» қақпасына 4 гол соққан «Ливерпуль» Мадридтегі финалда ойнайтын болды.

«Барселона» бірінші кездесуде өз алаңында 3:0 есебімен жеңіске жеткен. Осыдан кейін Католония клубының финалға шығатына көп ешкімнің күмәні бола қоймаған еді. Бірақ «Энфилдте» Клопп бастаған «Ливерпуль» камбэк жасады. Бұл ойында Англия клубының Мохамед Салах, Роберто Фирмино секілді көшбасшылары қатыса алмады. Соған қарамастан өзге ойыншылары мүмкіндікті тиімді пайдаланды.

«Ливерпуль» – «Барселона»: ағылшындар «Жыл камбэгін» жасады

Бірінші таймның 7-минутына Дивок Ориги есепті ашты. Оған нәтижелі пасты шығарып берген Хендерсон болатын. Үзіліске дейін осы есеп өзгерген жоқ.

Ал екінші таймда бірден үш гол соғылды. Қорғаушы Робертсон аламстырған Вейналдум айналдырған 2 минуттың ішінде дубль жасап үлгерді.

Матчтың 79-минутында бұрыштама добынан кейін Ориги төртінші голды соқты. Сөйтіп, «Ливерпуль» финалға жолдама алды. 

«Ливерпуль» – «Барселона»: ағылшындар «Жыл камбэгін» жасады

Енді «Ливерпуль» 1 маусымда Мадридтегі  «Ванда Метрополитано» стадионында «Тоттенхэм» пен «Аякс» жұбының жеңімпазымен финалда кездеседі. Бұл екеуі бүгін түнде Аместердамда кездеседі. Алғашқы ойында сырт алаңда Нидерланды командасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен. 

«Ливерпуль»  (Англия) – «Барселона» (Испания) – 4:0

Голдар: Ориги, 7 (1:0). Вейналдум, 54 (2:0). Вейналдум, 56 (3:0). Ориги, 79 (4:0). 

«Ливерпуль»: Алиссон, Робертсон (Вейналдум, 46), Матип, ван Дейк, Александер-Арнолд, Хендерсон, Фабиньо, Шакири (Старридж, 90), Милнер, Мане, Ориги (Гомес, 85).

«Барселона»: Тер Стеген, Альба, Лангле, Серджи Роберто, Пике, Коутиньо (Нелсон Семеду, 60), Ракитич (Малком, 80), Видаль (Артур, 75), Бускетс, Суарес, Месси.

Өзгелердің жаңалығы