Ливанның Ақпарат министрі отставкаға кететінін айтты

9 Тамыз 2020, 22:12
1363
Бөлісу:
Ливанның Ақпарат министрі отставкаға кететінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливанның Ақпарат министрі Манал Абдель Самад Бейруттегі жарылыстан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Ливанның MTV телеарнасы хабарлайды. 

Мен ливандықтардан, олардың күйініштерін бір қалыпқа келтіре алмағанымыз үшін кешірім сұраймын. Бейрут апатының қасіретінен кейін мен Үкіметтен кету туралы өтініш бердім, - деді Ақпарат министрі.

8 тамызда Бейруттың орталығында Үкіметке қарсы митинг өтті. Оған қатысушылар Министрлер кабинетін порттағы жарылыстан кейін отставкаға кетуін талап етті.




Өзгелердің жаңалығы