Ливанда еліміз жауынгерлері қан тапсырды

11 Қазан 2021, 20:16
1064
Бөлісу:
Ливанда еліміз жауынгерлері қан тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясында қызмет атқарып жүрген Қазақстан бітімгерлері Ливандағы Қызыл Крест орталығында ерікті түрде қан тапсыруға қатысты. 

Жергілікті ауруханаларда жатқан науқастарды емдеуге қан қажет. Орталық мамандарының айтуынша, осындай гуманитарлық көмек бітімгерлердің тағы бір игі дәстүріне айналған - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы