Бас жаңалықтар
Коронавирус: БҰҰ бітімгерлік міндеттерін орындаған әскерилер де жұмысқа тартылды
27 Наурыз 2020, 12:51 267

Коронавирус: БҰҰ бітімгерлік міндеттерін орындаған әскерилер де жұмысқа тартылды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы гарнизонының әскери қызметшілері карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге тартылды. Бұл туралы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Президенті – Қарулы қүштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының елімізде төтенше жағдайды енгізу туралы Жарлығының негізінде 2020 жылғы 19 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында коронавирустың таралуына қарсы әрекет ету бойынша барлық шараларды қабылдау туралы тапсырма қойған болатын.

Қазіргі таңда Алматы қаласы Полиция департаментімен және Санитарлық-эпидемиологиялық қызметімен бірлесе отырып Алматы гарнизонының әскери қызметшілері карантиндік іс-шараларды қамтамасыз етуге тартылды. Сондай-ақ, қаланы дезинфекциялау мен санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша бөлімшелер құрылды, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, қала маңына қойылған блок бекеттерінде Ливан елінде БҰҰ бітімгерлік міндеттерін орындаған бітімгерлер де қызмет атқаруда. Бітімгерлік міндеттерін орындау барысында өзге де күшті құрылымдармен және қарапайым тұрғындармен бірлесе отырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мол тәжірибе жинақтаған әскери қызметшілер орын алып отырған төтенше жағдайда шапшаңдылық танытып, қысқа мерзімде Алматы қаласының басқа да құрылымдарымен бірлескен түрде қала маңында блок бекеттерді орналастырды.

Вирус таралатын қауіпті аймақтар мен нысандарды өңдеу бойынша арнайы жасақ құрылды. 

Қазіргі таңда Алматы қаласының аумағы бойынша 170 гектардан астам аймақ дезинфекциялаудан өткізіліп, 60-қа жуық нысанға санитарлық өңдеу жасалды. Олар: тұрғын үй кешендері, балабақшалар, базарлар мен ауруханалар, мектептер мен Алматы қаласының ірі даңғылдары. Коронавирусқа қарсы ұйымдастырылған іс-шараларға Алматы қаласы бойынша 2000-нан астам әскери қызметшілер жұмылдырылды, - дейді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Абубакиров.


Фото: дереккөз
Загрузка...