Ливанда Қазақстан жауынгері марапатталды

21 Қыркүйек 2020, 19:17
1731
Бөлісу:
Ливанда Қазақстан жауынгері марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айындағы қорытындылау кезінде Үнді бітімгерлік батальонының командирі Ливан Республикасындағы қазақстандық бітімгерлердің қызметіне оң баға берді.

Жауынгерлік және бітімгершілік даярлық бойынша үздік көрсеткіштері, жоғары әскери тәртібі үшін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 44736 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант Вячеслав Моорға бағалы сыйлық тарту етті.

4-ші жиынтық бітімгершілік рота ағымдағы жылғы бірінші тамызда Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы миссияны орындауға кірісті. Оған Қазақстанның түрлі әскери бөлімдерінен үздік 120 офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер кірді.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық бітімгерлер Ливанда бір жарым жыл болды. Осы уақыт ішінде олар өздерін тек жақсы жағынан көрсете білді.

Өзгелердің жаңалығы