Бас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Литва Республикасының президентін құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаға Литва Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

«Мемлекеттеріміз арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастардың одан әрі жалғасатынына, халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге аса жауапты қызметіңізде мол табыс, ал достас Литва халқына бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.


Загрузка...