Вице-министр дизель отынының 300 теңгеге дейін қымбаттау себебін айтты

22 Маусым 2021, 18:06
3937
Бөлісу:
Вице-министр дизель отынының 300 теңгеге дейін қымбаттау себебін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында дизель отыны мен бензин тапшылығы жақын арада тұрақталады. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты.

Оның айтуынша, маусым айында елдің оңтүстігінде мұнай өнімдерін жеткізуде үзіліс болған. Баланстың төмендеуінің бірнеше негізгі себептері бар.

13 маусымнан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытында бензин өндірісі технологиялық режимге шықты, соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіру 6,5 мың тоннаны құрады. Дизель отынының өндірісі қалпына келтірілді, соңғы 4 күнде орташа тәуліктік өндіру 6 мың тоннаны құрады. Өндірістің бұл көлемі оңтүстік өңірдің қажеттіліктерін жауып тұр, - деді Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, Шымкент мұнай өңдеу затының логистикалық қиындықтары болған. Соңғы күнде өндірілген мұнай өнімдерінің тек жартысы ғана жөнелтілген.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде мұнай өнімдерін тәуліктік тұтыну: Аи-92 бензині бойынша 5,31 мың тоннаны, ал дизель отыны бойынша 5,6 мың тоннаны құрайды.Сонымен қатар, жөнелтіп тиеуге қатысты Шымкент мұнай өңдеу затының логистикалық қиындықтары болды. «ҚТЖ»-АҚ-бірлесіп тиісті консультациялар жүрігіліп, отынды жөнелту көлемі қалпына келтірілді. Алдағы күндері темір жолмен 4,3 мың тонна бензин мен 4,2 мың тонна дизель отыны оңтүстік өңірлерге жөнелтілмек. Бұған қоса, Шымкент мұнай базасы арқылы құбыр арқылы 1,2 мың тоннадан бензин мен дизель отыны бағытталады, - деді вице-министр.

Ол 2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі елілімізде 6,7 млн тоннаны құрағанын айта кетті.

Брифингте журналистер неліктен дизель отыны қымбаттап жатқанын сұрады.

Жүргізушілер бекеттердің таблодағы баға мен шынайы бағаның айырмашылығы бар екенін айтып, шағымдануда. Тіпті, дизельдің литрі 300 теңгеге жетті деп отыр. Жүргізушілер нақты таңдау да жоқ деп отыр. Мұндай жағдайда олар не істеуі керек?, - деп журналистер вице-министрден сұрады.

Бұған жауап ретінде Мағауов көтерме бағамен дизель отынының айтарлықтай өсуіне алғышарттар жоқ екенін айтты.

Көтерме бағамен алғанда жағдай азды-көпті тұрақты. Мүмкін белгілі бір жанармай бекеттері қазіргі жағдайды - нарықтағы тапшылықты пайдаланып, бағаны көтерген болуы мүмкін. Менің ойымша, тиісті органдар олар бойынша шешім қабылдайды, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы