Бас жаңалықтар
Линза адам денсаулығына зиян ба?
12 Желтоқсан 2020, 23:44 878

Линза адам денсаулығына зиян ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Линзаның артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бұл туралы Oinet.kz жазады.

Кемшіліктері: 

денсаулыққа: сапасыз линза көру қабілетін нашарлатуы мүмкін, кей жағдайда аллергия туындатады, ал кейде микроб түсуінен қабынулар болуы мүмкін. 

қаражатқа: яғни бір алған көзілдірікті ұқыпты кисең, кемінде 1-2 жыл пайдаланасың, ал линзаны мерзіне байланысты үнемі жаңадан сатып алып отыру керек, оған қоса растворына, желді не ыстық күндерде қолданылатын растворларға тағы да ақша жұмсайсың. 

уақытқа: көзілдірік кию уақытыңды алмайды әрі көзіңді тынықтырғың келсе шешіп қоя саласың, ал линзаны тағу біраз машақат тудырады. Көзге тікелей жанасатындықтан мұқият тазалықты талап ететін линза тағу процедурасы уақытыңды алады. 

Артықшылығы: 

— линза дұрыс таңдалған (ылғалдылығына зор мән беру керек) әрі тазалықпен киілген болса, оның көзіңде бар-жоғы тіпті білінбейді; 

— күн салқында көзілдірік буланып әбден мазаңды алады, шақырайған күн сәулесі болса көз жанарын «сорып» тастайды, ал линза тақсаң күннен қорғайтын көзілдірікті киіп ал да жүре бер; 

— жаңбыр жауса да, қар жауса да линзамен еш ыңғайсыздық туындамайды;

— спортпен айналысқанда линза өте ыңғайлы, ал көзілдірікті шешіп қоюға тура келер еді;

— ұзақ уақыт кигенде көзілдіріктің іздері бәрібір байқалып тұрады, ал линзада ондай жоқ); 

— қазіргі уақытта линзаның ұзақ уақыт тағуға болатын (ұйықтағанда шешіп қоюды қажет етпейтін) нағыз «жалқауларға» арналған түрлері де бар); 

— түрлі түсті линзаны тағу арқылы көз түсін де өзгерту қолыңызда. 

Ескерту: линзаны көз дәрігерінің тағайындауымен ғана таққан жөн және бір маркаға тәуелділік пайда болмас үшін оны алмастырып отырған дұрыс.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...