Бас жаңалықтар
Өзбекстан лимон өсіруге инвестиция салушыларды іздейді
24 Ақпан 2020, 17:13 188

Өзбекстан лимон өсіруге инвестиция салушыларды іздейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда лимон өсіру үшін 100 млн долларды халықаралық қаржы институттарынан, оның ішінде шетелдік ұйымдардың кредиттерінің есебінен алу керек. 

Мұндай тапсырманы ел президенті Шавкат Мирзиёев 19 ақпан күні қаулы арқылы бекітіп берді. Құжат УзА сайтында жарияланды.

Мемлекет лимон өсіретін кәсіпорындарға көмек көрсетуге кепілдік береді. Осы жылдың 1 наурызынан бастап кооперацияларға біріккен фермерлік және диқаншылар, сонымен қатар жекеменшік кәсіпкерлер әр гектар үшін 30 млн сум (3 мың доллардан астам) субсидия ала алады. Бұл қаржыны жаңа лимон плантациялары мен көшет отырғызуға да жұмсай алады. Ал лимонды экспортты шығаратындардың көлік шығындарының 25% көлемін де мемлекет өтеп береді.

Өзбекстан халқы лимонды мақта мен астық дақылдарының егінінен босаған жерлерге егеді. Мұндай жобаларды "Әр отбасы – кәсіпкер" бағдарламасы , Бақша және жылыжай шаруашылығын дамыту қоры, Мемлекеттік еңбекпен қамту қоры, Фермер, диқан шаруашылықтарын және үй жанындағы жер иелерін қолдау қоры аясында, сонымен қатар көптеген халықаралық қаржы институттарының есебінен қаржыландыру жоспарланған.

2020 жылы лимон өсіру үшін 2,5 мың гектар жерден қосымша беріледі. Мұндай бағдарлама алдағы екі ай ішінде әзірленбек.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...