Әлімханұлы: «Канелонамен» кездесуге дайынмын

4 Ақпан 2019, 11:05
2388
Бөлісу:
Әлімханұлы: «Канелонамен» кездесуге дайынмын

Астана, BAQ.KZ. Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) алдағы уақытта WBA (Super)/WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) айқасуға дайын екендігін білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Канело» – менің салмақтағы әлем чемпионы. Мен әлем чемпиондарына қарсы тұрғым келеді. Мен «Канелонамен» кездесуге дайынмын. GGG одан жеңіліп қалды. Ал мен Геннадийдің отандасымын. Сондықтан «Канелоның» атағын алып, Қазақстанға қайтарғым келеді, - деді Жәнібек Fino Boxing арнасына берген сұхбатында.

Жәнібек Әлімханұлы Техас штатындағы Фриско қаласында өткен бесінші жекпе-жегінде америкалық Стивен Мартинесті (18-4, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Өзгелердің жаңалығы