Бас жаңалықтар
Әлімханұлы: Канело немесе Андрадемен жекпе-жек өткізгім келеді
28 Қыркүйек 2020, 19:45 138

Әлімханұлы: Канело немесе Андрадемен жекпе-жек өткізгім келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болғысы келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Жәнібек boxing-social.com сайтына берген сұхбатында сондай-ақ Джермалл Чарло, Сауль Альварес және Деметриус Андраде сынды боксшылармен жекпе-жек өткізуге деген ниетін білдірді.
Төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы болғым келеді. Жай чемпион емес, танымал чемпион болсам деймін. Басты мақсатым – бокс тарихына өз атымды жазу. Өсіп келе жатқан жас боксшылардың бәрі менің «Qazaq style» жекпе-жек стиліме еліктегенін қалаймын. Бұлар жай сөз емес, менің түпкілікті мақсатым. Бәрін алмайынша, мені ешкім тоқтата алмайды. Мен рейтинг немесе рейтингтегі позиция туралы ойлайтын боксшылардың қатарынан емеспін. Тек үздік чемпиондармен кездескім келеді. Чарло, Канело немесе Деметриус Андраде. Оларды оңай жеңе аламын. Орта салмақ? Бұл менің салмағым, Мен осы дивизияның патшасымын, - деді Әлімханұлы

Айта кетейік, Жәнібек келесі жекпе-жегін 9 қазанда өткізеді. Оның қарсыласы орта салмақтағы рейтингте топ-15-ке кіретін боксшының бірі болуы керек еді. Бірақ ол қарсыласы жаттығу кезінде жарақат алды. Жәнібектік жаңа қарсыласы жақында жарияланады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...