Әлихан Смайлов: Ел экономикасын әртараптандыруға 2 трлн теңге бөлінеді

15 Қараша 2019, 15:35
2409
Бөлісу:
Әлихан Смайлов: Ел экономикасын әртараптандыруға 2 трлн теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайлов Алматыда өтіп жатқан «Қаржы нарығы және Қазақстан экономикасының нақты секторы» атты конференция барысында айтты.

Аталған шарада ел экономикасын әртараптандыру және модернизациялау мақсатында жасалып жатқан жұмыстар сөз болды. Сондай-ақ негізгі көрсеткіштер мен нәтижелер айтылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында 2025 жылға қарай ЖІӨ көлемін 5%-ға көтеру үшін құрылымдық өзгерістер жүргізу қажет екендігін айтқан болатын. Осы мақсатта Үкіметпен тұрақты негізде бірқатар шаралар жасалып жатыр. Экономиканы әртараптандыруға және модернизациялауға, ортамерзімді кезеңде өмір сүру инфрақұрылымын қамтамасыз етуге 4,7 трлн. теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жыл үшін 2 трлн. теңге бөлініп отыр, – дейді Ә.Смайлов.

Министрдің сөзінше, "қарапайым заттар экономикасын" дамытып, жеке кәсіпкерлерді қолдау мақсатында екінші деңгейлі банктердің қатысуымен 600 млрд. теңге ұсынылды. Бүгінде құны 210 млрд. теңге болатын 360 жоба банктің қарауында тұр. Сондай-ақ құны 180 млрд. теңге болатын 508 жоба мақұлданған. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай 16 мың жаңа жұмыс орны ашылып, салық түсімі 1,1 трлн. теңгені құрайды.

Сонымен қатар мемлекеттің экономикаға қатысу деңгейін қысқартуға байланысты және "Yellow Pages Rules" принципін қамтамасыз ету үшін кешенді жекешелендіру жоспары бекітілген. Қазіргі таңда оның 92%-ы орындалған. Осы ретте, жалпы құны 543 млрд. теңге болатын 499 нысан сатылған. Ал "Астана" Халықаралық Қаржы орталығы соңғы 2 жыл бойы ірі қаржылық қызметтер мен капиталдарды ұсынып отыр.

Өзгелердің жаңалығы