«LIDER Z». Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн мектеп ашылды

26 Тамыз 2020, 12:57
2803
Бөлісу:
«LIDER Z». Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған онлайн мектеп ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінде» өткен онлайн брифинг барысында «Ерекше таңдау-Шелек» КҚ бағдарламалық директоры Захира Бегалиева онлайн мектеп туралы айтып берді.


Қазақстанда «LIDER Z» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кәсіби онлайн-мектеп әлеуметтік жобасы өз жұмысын бастады. 

Жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарға компьютерлік сауаттылықты үйреніп қана қоймай, мамандық алуға да көмектеседі. Жобаға қатысушылар: кейіннен тәлімгерлікпен жалғасатын оқудан бастап жұмысқа орналасуға дейін толық циклден өтеді.

Білім беру бағдарламасында компьютерлік сауаттылықтың базалық дағдылары, графикалық дизайн, типография және SMM-менеджмент бар. 

Захира Бегалиеваның сөзінше, бағдарлама еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды қамтиды және оқуды аяқтағаннан кейін жобаға қатысушылар жұмысқа орналаса алады.
Елімізде 695 000 астам мүгедек адам тұрады, бұл ретте 424 000 адам еңбекке қабілетті жаста. Бұл еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің осы жылға жасалған мәліметі. Алайда олардың төрттен бір бөлігі ғана еңбек қызметіне тартылған. Бқл жоба ерекше қажеттіліктері бар адамдарға әлеуметтенуге, сұранысқа ие мамандық алуға, сондай-ақ жұмыс табуға мүмкіндік береді, - деді орталық директоры Захира Бегалиева.
Оның айтуынша, оқуға 137 адам өтініш берген.

Корпоративтік қор «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп «LIDER Z» жобасына бастама жасады.




Өзгелердің жаңалығы