Либерияда мектепте өрт болып, 27 оқушы қаза тапты

20 Қыркүйек 2019, 00:52
1296
Бөлісу:
Либерияда мектепте өрт болып, 27 оқушы қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Либерияның Пейнсвилль қаласындағы мектеп-интернатта өрт шығып, салдарынан 27 бала ажал құшты, деп хабарлады 24.kz.

Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары мәлімдеді. Отқа оранған ғимараттан тек екі оқушы ғана шығып үлгерген. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Қызыл жалын бүгін түнде тұтанған. 

Алдын ала ақпарлар бойынша оған сымдардың тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Тергеу амалдары басталып кетті. 

Ел президенті Джордж Веа қаза тапқандардың жақындарына қайғырып, көңіл айтты. 


Өзгелердің жаңалығы