Бас жаңалықтар
Ленинградта қазақстандық жауынгерді қайта жерлеу рәсімі өтті
PHOTO
19 Қыркүйек 2020, 15:09 163

Ленинградта қазақстандық жауынгерді қайта жерлеу рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.


2020 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов «Невский Пятачок» атты плацдармында кеңес жауынгерлерінің сүйектерін қайта жерлеуге арналған аза тұту рәсіміне қатысты.


421 жауынгердің арасында Солтүстік Қазақстан облысынан шақырылған сарбаз Ельцов Филипп Иванович те жерленді. Филипп Ельцов 1924 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Березники ауылында дүниеге келген. Ол 1942 жылы майданға шақырылып, ал 1943 жылдың тамызынан бастап хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болды. Әскери борышын атқару барысында Ельцов «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.

Қазақстандық жауынгердің жақын туыстары оны Ленинград облысында өзінің сарбаздарымен бірге жерлеуге ниет білдірді.


Фото: дереккөз
Загрузка...