Бас жаңалықтар
Әлемдегі ең бай адам Жерді қорғауға 10 млрд доллар жұмсамақ
18 Ақпан 2020, 22:20 118

Әлемдегі ең бай адам Жерді қорғауға 10 млрд доллар жұмсамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Amazon басшысы Джефф Безос Жер қорын құратынын жариялады. Жоба планетамыздағы климаттық өзгерістермен күреске бағытталмақ. Бұл туралы миллиардер өзінің Instagram-дағы парақшасындағы хабарлады. 

Мен бұрын зертттелген әдістерді жетілдіріп, климат өзгерісінің салдарымен күресу мақсатында жаңа әдістерді енгізуді көздеп отырмын, – деді Безос.
Осы мақсатта ол 10 млрд доллардай қаражатты қорға аударады. Айтуынша, қаржы жаздан бастап зерттеушілер, экологиялық мәселелермен айналысатын белсенділер мен үкіметтік емес ұйымдарға бөлінбек. Сонымен қатар Безос басқа да компанияларды, мемлекеттерді және халықаралық ұйымдар мен қарапайым адамдарды бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. 

Естеріңізге сала кетсек, жақында Джефф Безос қайтадан әлемдегі ең бай адам атанған болатын. Forbes дерегі бойынша, оның байлығы 115,5 млрд долларды құрайды. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...