Әлемде коронавирустан 500 мыңнан астам адам көз жұмды

29 Маусым 2020, 08:56
892
Бөлісу:
Әлемде коронавирустан 500 мыңнан астам адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем бойынша COVID-19-дан көз жұмғандар саны 500 мыңнан асты. Бұл туралы Джон Хопкинс университеті мәлімдеді. Олардың 29 маусымдағы мәліметі бойынша вирус құрбандарының саны 500882 адам.

Ал әлемде вирус жұқтырғандар саны 10 миллионнан асып кетті.

Соңғы тәулікте ең көп жағдай АҚШ-та тіркелген – 2,5 миллион, Бразилияда – 1,3 миллион. Өлім-жітім саны да осы екі елде көп тіркеліп отыр: АҚШ-та – 1 млн тұрғынға шаққанда 387 адамды құрайды, Бразилияда – 269.

Өзгелердің жаңалығы